2015 жылғы 26 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:
15-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспаса, Аустралия Одағы, Мажарстан, Италия Республикасы, Монако Князьдігі, Бельгия Корольдігі, Испания Корольдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Швеция Корольдігі, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Жапония азаматтары 2015 жылғы 16 шілде - 2017 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасына визасыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.